{metadescription}
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаладағы карантинге қатысты жаңа қаулысы жарияланды.

Мектептер үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі:

  • Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын дәстүрлі форматта оқыту;
  • 2021 жылы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқу;
  • бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнін аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту.

Бұдан бөлек, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар - әр топта 25 баладан артық болмаған жағдайда рұқсат етіледі. Жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салынады. Жұмыс күндері балабақшаларға арналған жұмыс кестесі-07.30-дан 18.30-ға дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 

Спа-орталықтарға, спа-салондарға, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттерге бір мезгілде үштен  артық емес клиентті қабылдауға рұқсат берілді. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау керек. Жұмыс кестесін қалыпты режимде орнатуға болады, алайда клиенттердің алдын-ала жазылуы міндтті.

Ashyq пилотына қатысатын компьютерлік клубтарға келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып, толымдылығы 50 пайыздан аспайтын не бір келушіге 4 шаршы метр есебінен 12.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 

Ashyq пилотына қатысатын боулинг орталықтарына бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде