{metadescription}
Алматыда карантин қатаңдатылады

Алматыда карантин қатаңдатылады

Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова қалада карантин күшейтілетінін айтты.

10 наурызда Алматы "қызыл" аймаққа кірді. Енді қалада шектеу шаралары күшейтіледі.

"Қаулы дайындалып, бизнес және қоғам өкілдерімен талқылануда. Күннің соңына қарай Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына қол қойылады", - деді ол.

Қалықова қаулы кешкі тоғызға дайын болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, науқастар санының өсуіне өткен мерекелер, сондай-ақ карантиндегі адамдардың өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамауы себеп болуы мүмкін.

Бас санитар дәрігердің орынбасары алматылықтарға бетперде тағуды және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды ұсынды. Сондай-ақ, Әсел Қалықова сәуір және мамыр айларында ниет білдірушілер үшін жаппай вакцинациялау басталатынын мәлімдеді және алматылықтарды одан бас тартпауға шақырды.

"Мұның бәрі Алматы қаласының тұрғындары арасында аурудың төмендеуіне септігін тигізеді", - деді Қалықова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде