{metadescription}
Алматыда автобустың қызды соққан сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда автобустың қызды соққан сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда қызды қағып кеткен автобус видеоға түсіп қалды.

Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Автобус қызды соққан сәт басқа жүргізушінің видеокамерасына түсіп қалған.

Кадрларда қыздың алдымен жол жиегінде тұрғанын, содан кейін кенеттен жүріп келе жатқан автобустың алдынан жолға шығып кететінін көруге болады. Жағдай жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 9 наурызда таңғы сағат 8.30-да болған. "ЛиАЗ автобусының" жүргізушісі 18 жастағы қызды соққан.

"Апат салдарынан дене жарақатын алған жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл фактіні Жетісу аудандық полиция бөлімі аумақтық бойынша тексеріп жатыр", - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде