Алматылықтар қай елден коронавирус жұқтырып келетіні белгілі болды
Алматы қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова көбінесе вирус жұқтырған азаматтар қай елден келетінін айтты.
14:40 10.03.2021
«Бүгінде вирус жұқтырғандар көбінесе БАӘ елінен келгендер арасында тіркеліп жатыр. Екінші орында Түркия, Египет, одан кейін Украина, Беларусь елдерінен келгендер арасында тіркеледі», - деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ПТР тест жасатпай келетін жолаушылар саны артқан. 6-8 наурыз аралығында ПТР талдауынсыз 700 жолаушы келген.
«Кеше ПТР талдауынсыз 56 жолаушы келген», - деді спикер.
Оның айтуынша, коронавирус көбінесе қоғамдық көліктен, отбасылық қатынастан, сауда орындарынан жұғып жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!