{metadescription}
Қостанай облысында жол апатынан әйел қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан әйел қаза тапты

Қостанайда жеңіл және жүк көліктерінің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тапты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы кеше кешкі уақытта, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының 37-інші шақырымында болған.

«Айсары кентіне жақын жерде жеңіл және жүк көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан «Hyundai» көлігін жүргізіп келе жатқан Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны алған жарақатынан қаза тапты. Жүк көлігін жүргізген 32 жастағы ер адам зардап шеккен жоқ», - деп түсіндіріп өтті полиция департаментінен.

Анықталғандай, алдын ала мәлімет бойынша, «Hyundai» көлігін жүргізіп келе жатқан әйел оны басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Жол апатына сол себеп болды. Қазіргі кезде аталған фактіменҚК 345-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың екі айында облыста 32 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам қайтыс болған және 35 адам жарақат алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде