{metadescription}
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 1 адам көз жұмды

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 1 адам көз жұмды

Қарағанды қаласында көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, мамандар 19 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Ысты газға уланған қарт әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қарағанды қаласы Күзембаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 10 наурыз, сағат 03:26-да түскен. Шақыру орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері кіреберістегі қатты түтінді байқаған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі тобы барлауға, подъезд тұрғындарын құтқаруға және эвакуациялауға бағытталды.

«Қатты түтіннің салдарынан 4-ші қабатта орналасқан пәтерден өз бетінше эвакуациялануға тырысқан анасы мен баласы табылды. 1946 жылы туған әйел улы газдан уланып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар автосатының көмегімен осы кіреберістің пәтерлерінен 4 адам, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ, баспалдақ маршы бойынша 15 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Бесінші қабаттағы пәтерден екі адам ауруханаға жатқызылды – ана мен бала иіс тиіп уланған. Жалын 1-ші қабаттағы баспалдақтың астында орналасқан ағаш қоймадан шыққан. Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан сыйымдылығы 27 литр бос газ баллонын алып шықты.

Өрттің жалпы ауданы 3 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерге Қарағанды облысы ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт сағат 03:49-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі ашық от көзі болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде