Көп жылаған қалыңдық неке қию рәсімінде көз жұмды
Үндістанда қалыңдық дәстүрлі үйлену рәсімі кезінде ұзақ жылап, жүрек ұстамасынан қаза болды.
18:19 10.03.2021
Үндістан дәстүрі бойынша, үйлену рәсімінен кейін қалыңдық "бидайай" рәсімінен өтуі керек. Оның барысында ол үйімен және отбасымен қоштасады. Әдетте, бұл рәсімде қалыңдықтар жылайды. Рәсім барысында қалыңдық қатты жылаған, салдарынан есінен танып, ауруханаға жеткізілген.
Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады - қалыңдық жүрек жеткіліксіздігінен қаза болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Үндістанның Одиша штатындағы қыздың күйзелісіне тойынан үш ай бұрын әкесінің қайтыс болуы да әсер еткен.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!