Елордада СПА, бассейндер қалай жұмыс істейді
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
20:24 10.03.2021
Оған сәйкес, жабық бассейндер, СПА-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, СПА-орталықтар, СПА-салондар, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, бірақ қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 3 келушіден аспайтын режимде жұмыс істей алады.
Саунасы бар жабық бассейндердің жұмыс кестесі де штаттық режимде белгіленген. Мұндай өзгерістер компьютер клубтарының жұмысына да әсер етті:
«Ashyq» пилотына қатысатын компьютер клубтарының жұмысына рұқсат етіледі. Келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуы, толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда, сондай-ақ жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тек 18 жастан асқан адамдарға рұқсат етіледі», - делінген құжатта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!