Қазақстанның бірқатар аймағында аяз болады
"Қазгидромет" синоптиктері 12 наурыз күні ауа райы қандай болатынын болжады.
17:10 11.03.2021
"Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
12 наурыз күні түнде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түседі. 13 наурызда оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні – 25 м/с.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!