{metadescription}
Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан

Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан

Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын немересін ұрып-соққан.

Бұл туралы ақпаратты «НеМолчи» қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-те жариялады. Видео кадрларынан қарияның төсекте жатқан баланы аяғымен теуіп, ұрып-соққанын көруге болады.  Кішкентай бала бетін қолымен жауып, жан ұшыра көмекке шақырғаны көрінеді. Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 ақпанда болған. Алайда, баланың анасынан шағым Түрксіб аудандық полиция басқармасына 6 наурызда түскен. Әйелдің айтуынша, әкесі 10 жастағы немересін соққыға жыққан.

«Оқиға болған мекенжайға аудандық учаске инспекторы және ювеналды полиция басқармасының отбасылық қорлық-зомбылықтан әйел құқығын қорғау бөлімшесінен құрылған тергеу-жедел тобы барды. Балаға қол көтерген ер адам қалалық наркологиялық диспансерде ырқынан тыс ем алып жүрген», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің 73 бабының 1 бөлімі бойынша (соғу немесе өзге де күш көрсету әрекеттері, дене жарақатын салу, денсаулығына қатер төндірмеген) сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Баланың дене жарақаты деңгейін анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды.

«Сараптама нәтижесі бойынша бала жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта барлық материал Алматы ауданаралық әкімшілік сотының қарауында», - деді Салтанат Әзірбек.

Әйелдің кәмелетке толмаған үш баласы бар екені белгілі болды. Ажырасқаннан кейін ол ата-анасымен бірге тұрған. Болған жанжалдан соң олар туыстарымен бірге тұрып жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде