{metadescription}
«АрселорМиттал Теміртауда» бак жарылып, 2 адам зардап шекті

«АрселорМиттал Теміртауда» бак жарылып, 2 адам зардап шекті

«АрселорМиттал Теміртаудың» 2-інші Жылу электр орталығында бояу құйылған бөшке жарылды.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. 11 наурызда ЖЭО-2-нің механикалық цехында дәнекерлеу жұмыстары кезінде жақын маңда тұрған бояуы бар бөшке жарылды. Екі адам зардап шекті.

«Зардап шеккен 1971 жылы туған адам сағат 10:05-те ауруханаға жеткізілді. Диагнозы - өндірістік жарақат, кеудені, оң жақ білекті, қолды, оң жақ жамбасты, екі жіліншікті 25% термиялық күйік шалу. Күйік салдарынан жеңіл шок. Ол Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада. 1970 жылы туған науқас бояу бөшкесінің жануы салдарынан қызметтік жарақат алды. Өндірістік жарақат, бастың, кеуденің, беттің, екі аяқ-қолдың, сыртқы жыныс жолдарының, бөкселерінің 3 А, Б дәрежелі 95% термиялық күйік шалу диагнозы қойылды. Күйіктен қатты шок алған. Жоғарғы тыныс жолдарының термоингаляциялық жарақаты, жану өнімдерімен улану. Теміртау орталық ауруханасында жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде