{metadescription}
Ақтөбеде қаңғыбас иттерді өртеген ветеринарлар жұрттың жағасын ұстатты

Ақтөбеде қаңғыбас иттерді өртеген ветеринарлар жұрттың жағасын ұстатты

Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып жағып жібереді екен.

"Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4-наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өшіктіріп жатыр", - дейді видеоны түсірген "ЗООмама" қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева.

Видеодан қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттерді де пешке жаққаны анық көрінеді. Тіпті қарғыбауымен жатқан үй жануарлары да бар. Бұл орталықта көшеден ауланған жануарлар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп отырған, дейді белсенділер.

Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпай отыр. Айтуларынша, қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды екен. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жібереді.

"Үш иттің өлексесін біз көшеден әкелдік. Үш итті өз қожайындары арыз жазды. Бізге күнде-күнде түседі арыз. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен аса ұстадық. Күшіктер немен ауырып еді? Инфекциялық ауру", - деді Ақтөбе қаласы ветеринария станциясы директорының орынбасары Галий Шагалин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде