Қазақстанда қатты аяз болады
13-15 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
11:39 12.03.2021
Синоптиктердің мәліметі бойынша, еліміздің солтүстігінде қатты аяз болады. Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады.
"Бүкіл кезең бойы Қазақстан аумағының басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететін болады, ол аязды ауа райына, негізінен жауын-шашынсыз ауа райына себепші болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның басып кіруі ауа температурасының төмендеуін ғана емес, жауын-шашын да әкеледі. Демалыс күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ бұрқасын, желдің күшеюі, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі", - дейді синоптиктер.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!