Полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы ұлғайтылуы мүмкін
ҚР Парламенті Сенатында полицияның қызметтік моделін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үкіметтік сағатта ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін қарастырып жатқандарын айтты.
15:13 12.03.2021
«Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз», - деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.
«Өзге елдердің тәжірибесін салыстырып отырмыз. Басқа елдерде бұл басқаша шешіледі. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапонияда, Германияда - 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!