Алматыда карантин күшейтілді: Оқушылар қалай оқиды
Алматы қаласының Білім басқармасы карантин жағдайында оқушылардың білім алу тәртібі туралы бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын түсіндірді
18:20 12.03.2021
«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді», - деді білім басқармасы.
Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын. Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 - мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар - 17 жекеменшік білім ошағы.
10 наурызда Алматы короновирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейді. Алматы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!