Көкшетаулық келіншекті есігінің алдында зорламақ болған
Көкшетауда көшеде серуендеп жүрген келіншекті есігінің алдында зорламақ болған ер адам ұсталды.
16:50 16.03.2021
Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдеді.
"Ағымдағы жылдың 13 наурызы Көкшетау қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шамамен сағат 03.00-де облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті түнде белгісіз біреу үйінің кіреберісінде оның киімдерін шешіп алып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетуге тырысқан", - дейді полиция департаменітінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен келіншек кешке серуенге шыққан. Бірақ көршілерінің арқасында зорлық көрсетпек болған адамнан құтылып шығыпты.
"Бейнебақылау камераларын қолдана отырып, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, полиция күдіктіні анықтады. Ол 26 жастағы, бұрын сотталған Бурабай ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі өндіріс 24-баптың 3-120-бөлігінің 1-бөлігімен "Зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену" бабы бойынша тергеу жүргізілуде", - дейді полиция басқармасы.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!