{metadescription}
Ақтаудан Алматыға ұшпақ болған мас жолаушы ұшақтан түсірілді

Ақтаудан Алматыға ұшпақ болған мас жолаушы ұшақтан түсірілді

«Ақтау-Алматы» бағыты бойынша ұшқан жолаушы рейстен шығарылды.

Бұл туралы «SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға кеше 15 наурызда болған. «SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ақтау-Алматы» бағытындағы рейстің жолаушысы мас болған.

«Ол дөрекі мінез көрсетті. Экипаж мүшелеріне бейәдеп сөздер айтып, оларды қорқытқан. Жолаушыға екі рет ескерту жасалды. Үшінші рет командир ұшу жолағынан тұраққа оралу туралы шешім қабылдады және жолаушы рейстен шығарылды», - делінген «SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дереккөз: ҚазАпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде