{metadescription}
Алматы облысында локдаун енгізіледі

Алматы облысында локдаун енгізіледі

Алматы облысында демалыс күндері локдаун енгізіледі.

Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6 процентті құрап, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген. Инфекциялық стационардың толымдылығы 43 процентті, реанимациялық төсектер толымдылығы 15 пайыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы қасқаша баяндаған облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1 550 бірлікті құрайды. Облыстағы аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты карантин режимі күшейтілді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни бірлестіктердің, қоғамдық монша мен көліктердің жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылады, ойын-сауық мекемелері мен мейрамханалардың жұмыс кестесі 21.00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері облыста бүтіндей локдаун енгізіледі.

"Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында аурушаңдық көлемінің артуы байқалады. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады", - деді Баталов.

Өңірде карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде