Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
20 наурыздан бастап Алматыда бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі.
09:01 17.03.2021
Бұл қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 20 наурызда күшіне енеді.
"Алматы қаласында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, тәулігіне 300-ден астам жағдай тіркелуі, қызыл аймаққа енуге байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында қаулы қабылданып отыр", - делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, білім беру орталықтарының жұмысы, мәдени нысандардағы репетиция, цирк, театр, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына тыйым салынды. "Медеу" мұз айдынында жаппай сырғанауға рұқсат жоқ.
Қоғамдық көлік жұмыс кестесі өзгереді:
- жұмыс күндері - штаттық режимде;
- демалыс, мереке күндері - 6.00 - 10.00; кешке - 17.00 - 22.00.
Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!