{metadescription}
Нұр-Сұлтан әкімі елордалықтарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан әкімі елордалықтарға үндеу жасады

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы бұрынғы қалыпты өмірге оралуға болады, деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов алдағы локдаунға байланысты үндеу жасады.

"Қазір елорда – қызыл аймақта. Бірқатар карантиндік қосымша шектеулер қойылды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тіркелген жағдайлардың өсуі - мереке алды және мереке күндері байқалады. Осы жексенбі, 21 наурызда қалада локдаун жарияланады. Барлық бұқаралық шараға тыйым салынды", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеу керек. Жағдайға немқұрайлы қарасақ, індетке қайта шалдығу қаупі туындайды. Коронавирусты жеңіп шыққанның өзінде де денсаулықты күткен жөн.

Қала басшысы қазіргі вакцинация мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы бұрынғы қалыпты өмірге оралуға болады.

"Қиын кезеңнен ауызбіршілікпен өтуіміз керек. Инфекция жұқтырған адамдардың санының күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Коронавируспен күресудің тиімді әдістерінің бірі - вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, санитария нормаларын сақтап қана қалыпты өмірге орала аламыз", - деп атап өтті әкім.

Осы орайда Көлгінов тура бір жыл бұрын елімізде төтенше жағдайдың енгізілгенін еске салды. Қала аумағында блок-бекеттер орнатылып, "коменданттық сағат" жарияланды.

"Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар", - дейді қала басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде