Екі жыл бұрын жоғалған елордалық табылды
2019 жылдың ақпан айында елорда тұрғыны қалалық полиция департаментіне хабарласып, әпкесінің жоғалып кеткені туралы айтады.
12:05 17.03.2021
Жағдайды зерделеу кезінде екі сіңлісімен сөзі жараспаған 24 жастағы қала тұрғыны туыстарымен байланысты үзгені белгілі болған. Кейін іздеу барысында жоғалған қыздың еолрдада тіркелген 2 бірдей алаяқтық іске қатысы бар екені ашылады. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалады.
Іздеудегі тұрғын бөгде адамның жеке куәлігі бойынша құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен табылып, қолға түсіп отыр.
«Қазіргі таңда із-түссіз жоғалған тұрғын анасымен қауышты. Оның бұған дейін елордадағы өзге де осындай істерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!