ШҚО-да жарты жыл іздеуде жүрген адам пойызда ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында жарты жыл іздеуде жүрген сотталған адамды ұсталды.
12:36 17.03.2021
Пробация қызметкерлері Көкпекті ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, «Пробация» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 6 айдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген сотталған адамды қолға түсірді. 20 жастағы жігіт былтыр алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелген болатын. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмей қойды. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ер адам «Алматы-Өскемен» пойызында ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Енді ол 3 жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.
Айта кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО- да «Пробация» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!