{metadescription}
Өскемен әкімі маска тақпағаны үшін айыппұл төледі

Өскемен әкімі маска тақпағаны үшін айыппұл төледі

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды.

Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов мәлімдеді. Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген сурет тараған болатын. Суретке көрермен ретінде "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген. Желі қолданушылары әкімді іс-шараға маскасыз қатысқаны үшін сынға алған еді.

"Қала әкіміне қатысты қоғамдық орынға бетперде тақпай барғандықтан, тәртіп бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Осыдан кейін шаһар басшысы тиісті айыппұлды төледі", – деді Тұрсымбетов.

Сондай-ақ Өскемен әкімімен бірге бір шараға қатысқан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бетперде тағу режимін бұзғаны үшін айыппұл төледі.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде