Министр Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қанша қаржы жұмсалатынын айтты.
15:45 17.03.2021
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте министрге мемлекеттік қарызға жұмсалатын қаржының көлемі туралы сұрақ қойылды.
"Қызмет көрсетуге шамамен 900 миллиард теңге қарастырылған", - деді Ерғалиев.
Оның айтуынша, қарыздың мөлшері Еуропамен салыстырғанда әлдеқайда төмен болып тұр.
"Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең. Айта кетейін, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыз деңгейі төмен. Еуроодақ елдерімен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі шамамен 80 пайыз, ал ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда шамамен 100 пайыз", - деп жауап берді Ерғалиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!