{metadescription}
Зейнеткерлерге арналған университет ашылды

Зейнеткерлерге арналған университет ашылды

Қостанайда А.Байтұрсынов атындағы университет жанынан зейнеткерлерге арналған университет ашылды.

Бұл туралы «Күміс университет» жобасының үйлестірушісі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың қашықтан оқыту және қосымша білім беру институтының директоры Азамат Жакеев айтты. ҚМУ-да «Күміс университет» жобасы іске қосылды. Ә.Жакеев айтып өткендей, бұл – әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық түрі, ол өзін-өзі дамыту мақсатында егде жастағы азаматтарды оқытуды көздейді.

«Жобаны іске қосу кезінде біз 18 негізгі бағытты анықтадық. Бұл – компьютерлік сауаттылық, онда біз зейнеткерлерді әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге және пайдалануға үйретеміз. Құқықтық, экономикалық, ветеринарлық, экологиялық, агрономиялық, психологиялық бағыттар бар, сондай-ақ тілдік курстар, философиялық бағыт, медиасауаттылық және басқалар бар. Оқу университет қабырғасында өтеді, курстарды ЖОО оқытушылары өткізеді. Сабақтар 15-і күні басталды», - деп атап өтті жоба үйлестірушісі.

Сабаққа барлық ниет білдірген зейнеткер қатыса алады. Олардың ең үлкені – 80 жаста.

«Қазір бізге зейнеткерлерден көптеген өтініштер түсіп жатыр. Егер жобаның басында тек 30-ға жуық адам оқуға ниет білдірген болса, бүгінде олардың саны 160-тан асты», - деп қосты А.Жакеев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде