{metadescription}
Елімізде 10 мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды

Елімізде 10 мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды

Оқу жылының басынан бері 10 мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

«Өкінішке орай, мектеп оқушылары арасында коронавирус жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оқу жылы басталғаннан бері 10 мыңнан астам мектеп оқушысы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 3324 бала оффлайн режимінде білім алған. Қазіргі уақытта карантиндік іс-шаралар өңірлердегі және жекелеген мектептегі коронавирусқа шалдығу жағдайларын ескере отырып теңгерімді түрде қолданылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде