{metadescription}
Бас санитар Наурыз мейрамын қалай тойлау керек екенін айтты

Бас санитар Наурыз мейрамын қалай тойлау керек екенін айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамы кезінде өңірлерде шектеу шаралары қалай енгізілетінін түсіндірді. 

"Мереке күндері коронавирустық инфекцияны алдын алу шараларын, әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін сақтау қажет", - дейді Қиясов. 

Ол халыққа барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау қаншалықты маңызды екенін айтып түсіндірді. 

"Азаматтарымызды, бизнес өкілдерін жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өздеріне жұқтырмау үшін карантин режимі мен қарапайым алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын.
Коронавирустық инфекцияның жасы үлкен аталарымыз бен әжелерімізге аса қауіпті екендігін ұмытпаңыздар", - дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Сондай-ақ, айтуынша, әр өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдайға қарай іс-шаралар көлемін өздері анықтай алады. Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамында бес күн – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз демалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде