{metadescription}
Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады

Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады

Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

«Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», - деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, дәрігерлер мен мұғалімдер арасында 65 жастан асқан қызметкерлерге вакцина егіліп үлгерген.

«Айта кету керек, біз дәрігерлер мен мұғалімдерге вакцинация жасаған бірінші кезеңде 70-тен асқан адамдар едәуір көп болды. Бұл әлі күнге дейін медициналық ұйымдарда қызмет етіп жүрген қызметкерлер. 60 жастан асқан адамдардың саны едәуір көп болды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», - бас санитар Ерлан Қиясов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде