{metadescription}
Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақта қалып отыр
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 18 наурыздағы мәліметтері жарияланды.
10:33 18.03.2021
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қалып отыр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1186 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталғанын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!