{metadescription}
Енді Болгарияда сотталған қазақстандықтар өз елінде жазасын өтей алады

Енді Болгарияда сотталған қазақстандықтар өз елінде жазасын өтей алады

Екі ел арасындағы шарт қазақстандықтарға Болгарияда жасаған қылмысы үшін жазаны өз отанында өтеуге мүмкіндік береді.

Парламент сенаты Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бұған дейін Қазақстан мен Болгария арасында адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға ратификация жасалды, деп жазады sputnik. Ал сотталған адамдарды беру туралы шарт – қылмыстық саладағы соңғы келісім.

"Шарт ел аумағынан тыс жерлерде жүрген азаматтарымызды қорғау және оларға қамқорлық жасау туралы конституциялық міндеттерді орындауға бағытталған. Келісімнің басты ережесі – сотталған адамдарды өз елінде жазасын өтеу үшін беру және олармен алмасу тәртібін реттеу", – деді ол сенаттың жалпы отырысында.

Шартқа сәйкес, сотталған адамды беру үшін:

  • сотталған адам, ең алдымен, екі елдің бірінің азаматы болуы тиіс;
  • екі елде де қылмыс болып саналатын әрекет үшін сотталған болуы қажет;
  • сұрау алынған кезде үкім заңды күшіне енген және кемінде 6 ай өтейтін уақыты қалуы керек;
  • сотталған адамның жазбаша келісімі қажет;
  • екі ел де беруге келісуі қажет.

"Осы айтылған талаптар сақталмаса, адам берілмейді. Қазір бізде де, Болгарияда да сотталған азаматтар жоқ", – деді Ахметжанов.

Айтуынша, қазір Болгарияда Қазақстанның 208 студенті оқып жүр. Бас прокурордың орынбасары сотталған адамдарды беру туралы шарт 21 елмен жасалғанын атап өтті. Шарт адам құқықтарына тікелей қатысты. Сол себепті "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңға сай ратификациялануы тиіс. Сенат "Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңды бірауыздан қабылдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде