{metadescription}
Мереке күндері елордада қоғамдық көлік жүре ме?

Мереке күндері елордада қоғамдық көлік жүре ме?

Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес, қоғамдық көліктер бір күнге – 21 наурызда ғана тоқтатылады.

Елордада мерекелік демалыс күндері 22-24 наурыз аралығында (21 наурыздан басқа) қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. 

"Осы жексенбі, 21 наурызда қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады", – делінген компания хабарласында.

Басқа күндері сенбі, 20 наурызды қоса алғанда, қалалық және қала маңындағы маршруттар әдеттегідей жүреді. Көлік компаниясы жолаушыларды маска режимін сақтауға шақырды және жолақысын төлеу қолма-қол ақшасыз жүргізілетіндігін ескертеді. Айта кетейік, наурыздың 21-і, жексенбіде Нұр-Сұлтанда локдаун жариялануына байланысты қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл күні сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендері, сондай-ақ кинотеатрлар да жабық болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде