{metadescription}
Семейдегі мәдени-спорт кешенін «Елбасы арена» деп атау ұсынылды

Семейдегі мәдени-спорт кешенін «Елбасы арена» деп атау ұсынылды

Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынды.

Семейдегі мәдени-спорт кешеніне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынылды. Келешекте ғимарат «Елбасы Арена» деп аталуы мүмкін. Қалалық мәслихатта Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлердің, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерінің, еріктілер қозғалысы белсенділерінің, жастардың, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының хаты қаралды.

Хаттың басты мақсаты Қарағайлы жаңа тұрғын ауданындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы болды. Ал мәдени-спорт кешенін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Назарбаевтың рөлін ескеріп, «Елбасы Арена» деп атау ұсынылды.

Мәселе қалалық мәслихат комиссиясында қаралды. Аталмыш бастама Елбасының мемлекетті қалыптастырудағы айрықша рөліне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көтеріліп отыр. Мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылып, оған 10 мыңнан астам адам онлайн форматта қатысты. Нәтижесінде депутаттар бірауыздан дауыс беріп, бұл мәселені қалалық мәслихат сессиясында талқылауды ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде