{metadescription}
Елордалық дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Елордалық дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты.

Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлімдеді.

"Былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамыз. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғадар көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Науқастар ауыр халде ауруханаға түсіп жатыр. 18 наурызда қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталды", - дейді көпсалалы медициналық орталықтың инфекция блогының дәрігері.

Жансақтау бөліміне тәулігіне 5 науқас түседі. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде жастағы адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіп тудырады, дейді Атығаева.

"Өткен жаздағы жағдай қайталанбас үшін, сондай-ақ өлімге әкелетін жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындардан сақтануды сұраймыз. Күн сайын сіздер мен біздің амандығымыз үшін жұмыс істейміз. Бірақ жағдайды тек дәрігерлер көмегімен реттеу мүмкін емес. Жауапкершілік маңызды рөл атқарады", - деді елорда дәрігері.

Дәрігерлер инфекция жұқтыратындардың саны мереке күндерінен кейін күрт артады деп отыр. Себебі адам көп жиналатын жерлерде санитарлық нормалар сақталмайды. Қала тұрғындары оны байқамауы мүмкін. Бірақ дәрігерлер ауруханадағы жағдайдан бәрін анық көріп отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде