{metadescription}
Алматыда ер адам немересін аяусыз ұрып тастаған

Алматыда ер адам немересін аяусыз ұрып тастаған

Алматыда немересін аяусыз ұрып тастаған қарт ер адамға қатысты іс тоқтатылды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Іс сотқа дүйсенбі, 15 наурызда келді. Тараптар сотта татуласып, әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда атасы алдымен диванда, кейін жерде жатқан немересін аяусыз ұрғаны түсірілген видео желіде тарады. Ролик жұртты шошытты. Бала көмекке шақырады, қан ағып жатқанын айтып, жедел жәрдемге хабарласуды сұрайды.

Кейін видеоны 15 ақпанда баланың анасы түсіргені белгілі болды. 6 наурызда полицияға арыз берді. Әйел үш баланы тәрбиелеп отыр. Ажырасқаннан кейін ол ата-анасымен бірге тұрған. Бірақ балалары жиі қорлық көреді. Әйел бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазып, көмек сұрайды. Пәтер жалдауға қаражат керек екенін айтады.

Еріктілер ата-әжесі немерелерін жиі ұрып-соғатынын анықтады. Балалардың анасы өзін және балаларын мезгіл-мезгіл мазақ етіп, қорлайтын ата-анасынан қорғауды сұрайды. Оған тек дағдарыс орталығы ұсынылады. Бірақ балалардың анасы дағдарыс орталығының қызметтерінен бас тартты, қазір ол Алматы облысындағы туыстарына уақытша көшіп келді.

Еріктілермен әңгіме барысында балалардың әкесі ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды. Отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілмеген, үш баласы бар ана тұрғын үй кезегіне де тұра алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде