{metadescription}
Семейде жаңа даңғылға Назарбаевтың есімі берілмек

Семейде жаңа даңғылға Назарбаевтың есімі берілмек

Семей қаласындағы  Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін берілмек.

19 наурызда Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Отырыс барысында төрт мәселе қаралды – алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы туралы, төртіншісі – Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы.

Даңғыл Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан, Семей-Павлодар автожолынан бастау алады, онда сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, оң жағында көп пәтерлі тұрғын үйлер, балабақша орналасқан.

"Болашақта мұз кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда, бірнеше функционалдық аймақтар, серуендеу аймақтары, қоғамдық тамақтану пункттері, балалар ойын және спорт алаңдары бөлінеді. Көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған", - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, даңғыл жаңа және атауы жоқ. "Қызыл" сызықтағы даңғылдың ені 40 метрді құрайды, бүгінде ұзындығы 950 метр. Құрылысты ескере отырып, даңғылдың ұзындығы екі шақырымнан асады. Барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Қарағайлы көшесіне есім беру туралы түпкілікті шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.

Еске сала кетейік, Семейдегі мәдени-спорт кешенін «Елбасы арена» деп атау ұсынылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде