Дмитрий Баландин Түркия турнирінде «күміс» алды
Түркияның Ыстанбұл қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр.
10:00 21.03.2021
Бұл, қазақстандық спортшылардың Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы жарысы. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, 100 м қашықтықта «баттерфлай» әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды. Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміске ие болды.
Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді. Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өттті. Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.
Дереккөз. ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!