Алматыда 120 адамға арналған үйлену тойы тоқтатылды
Алматының мониторингтік топтары 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты.
12:48 21.03.2021
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары жалғасуда. Басты міндет – коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Тексеру тобы наурыздың 20-сы күні Достық даңғылы 52/2 мекен-жайы бойынша Қазақстан қонақүйінің «Гранд Палас» залында өтіп жатқан үйлену тойын тоқтатты. Онда шамамен 120 адам болған. Той қонақтары мейрамханадан шығарылды.
Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясы бойынша оң ПТР-і бар 437 науқас анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Қалада эпидемияның тарау ауқымы күн сайын артып келеді. Коронавируспен байланысты жағдайды одан әрі өршітіп алмау үшін, мамандар тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Атап айтқанда, қоғамдық шараны ұйымдастырып және оған қатысудан аулақ болу. Азаматтар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан қарт адамдардың өте сақ болғандары абзал.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!