Қазақстандық студенттер Ресейге барып, оқуын жалғастыра алады
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызметі эпидемиялық жағдайы қолайлы ел ретінде ұсынған елдерден келген студенттер Ресейге оқуға орала алады.
14:23 21.03.2021
Аталып өткендей, Қазақстан аталған елдердің тізіміне енді. Ресейге оқыту үшін қауіпсіз эпидемиологиялық жағдайы бар ел ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызмет ұсынған сол елдердің шетелдік азаматтары ғана кіре алатындығы нақтыланды.
Қазіргі уақытта Абхазия, Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Вьетнам, Греция, Мысыр, Үндістан, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Куба, Мальдив аралдары, БАӘ, Сейшел аралдары, Сербия, Сингапур, Танзания, Түркия, Финляндия студенттері Ресей, Швейцария, Эфиопия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Осетия, Жапония елінің студенттері кіре алады.
Ресейге кіруіне ашық мемлекеттердің тізімін университеттер студенттерге, соның ішінде университеттердің веб-сайттарындағы жеке аккаунттар арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мен мессенджерлер арқылы хабарлайды.
«Шетелдік студенттер Ресейге келер алдында университетті электронды пошта арқылы Ресей Федерациясына кіретін күн туралы кем дегенде 10 күн бұрын хабарлауы керек. Хат жіберілгеннен кейін электронды поштаға кіру туралы ақпарат жіберіледі», - деп қосты министрлік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!