Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифинг барысында мереке күндері қарсаңында енгізілген шектеу шаралары кәсіпкерлер үшін «өте ауыр» екенін айтты.
15:16 21.03.2021
«Біз карантин шаралары кәсіпкерлер үшін ауыр екенін түсінеміз және ол кіріс көп болады деп күтілген мереке күндеріне сай келіп тұр. Алайда бұл денсаулық сақтау жүйесі жұмысын тұрақтандырып, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін қабылданған шаралар. Сондықтан кәсіпкерлерді шектеу шаларына түсіністікпен қарауға шақырамын»,- деді ол.
Басқарма басшысы кәсіпкерлерге үндеу жасады.
«Мен Алматы қаласының кәсіпкерлеріне жүгінгім келеді. Карантин талаптарына жауапкершілікпен қарап, бір аптаға созылатын шектеу шарасын сақтауын сұраймын. Егер біз бір апта ішінде карантин шектеулерін сақтасақ, бұл қалыпты өмірге және толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік береді«, - деді Еркебұлан Оразалин.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!