{metadescription}
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Республиканың оңтүстік облыстарында найзағай ойнайды, солтүстік пен батыста көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Қазақстанның басым аумағында бүгін ауа райы құбылмалы болады, елдің батысында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – Қазақстанның солтүстік батысы мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.  

Дабылды ескерту

25 наурызда Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжануда. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Түнде шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

25 наурыз күні күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні – 25 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с. Атырау облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында – бұрқасын. Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Алматы облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні –  25 м/с, найзағай ойнайды.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз минус бір - плюс бір градус, түнде – минус 10-12 градус.

Алматыда күндіз 19-21 градус жылы болады, түнде плюс 4-6 градусқа дейін салқындайды.

Шымкентте кешке қарай найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 22-24 градусқа дейін жылынады, түнде ауа температурасы плюс 7-9 градус болады.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.