Тағы бір облыс коронавирустың қызыл аймағына енді
Қазақстан өңірлерінде коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі.
11:17 25.03.2021
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдің әр аймағындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады. 25 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді.
- Қазір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар.
- "Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары енді.
- Қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
Айта кетейік, Қазақстан өңірлерінде коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі. 21-28 наурыз аралығында Алматыда карантин күшейтілді. Қалада сауда-ойын сауық орталықтары, дәмхана, фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салынды. Мұндай шара науқас саны көбеюіне байланысты қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!