{metadescription}
Зарина Дияс Майамидегі турнирде әйгілі Винус Уильямсты жеңді

Зарина Дияс Майамидегі турнирде әйгілі Винус Уильямсты жеңді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамидегі (АҚШ) турнирдің екінші айналымына шықты.

Бірінші партия барысында екі брейк жасаған Зарина Дияс алға кетті – 4:2. Содан кейін тағы бір брейк жасап, өз геймін ала білді – 6:2. Айта кету керек, аталған турнирдің жүлде қоры 3,2 млн долларды құрайды. Аталған кездесу 1 сағат 30 минутқа созылған. Қос сеттің нәтижесінде, Зарина Дияс бес рет брейк жасап, бірде-бір рет қателік жібермеген. Ал, 40 жастағы Винус Уильямс 5 рет эйс жасап, үш брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Бұған дейін қос теннисші бір рет кездесіп, ол кезде америкалық спортшы жеңіске жеткен болатын. Енді турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисшіге швейцариялық Белинда Бенчич қарсылас болады. Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс мастерс додасының алғашқы айналымында әлемнің 79-ракеткасы, америкалық Винус Уильямспен кездесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде