Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде
Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
14:41 25.03.2021
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Біздің еліміздің аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды. Олардың келуімен барлық өңірде жауын-шашын, кей жерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!