{metadescription}
Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда вакцинация жасалады

Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда вакцинация жасалады

Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцинация жүргізу жоспарланды.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді. Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматы емханаларында 35 екпе салу бөлмесі жұмыс істейді. Жақын арада тағы 15 пункт ашу жоспарланған.

"Мұндай пункттер жеке емханаларда да болуы мүмкін. Сондай-ақ, сауда орталықтарында, базарларда да халықты вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе пысықталуда", - деді ол.

Оның сөзінше, ақпанда қалаға вакцинаның 1 750 дозасы жеткізілді. Наурызда 10 800 доза келді. Осы айда қосымша 16 200 доза жеткізілді. Маманның айтуынша, вакциналау жақсы өтті. Өлім-жітім тіркелген жоқ. Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан аса вакцина жеткізілетінін айтты.

"Сәуірде 65 200 доза, мамырда 65 200 доза және маусымда 67 мың доза жеткізу жоспарланды. Сондай-ақ, ревакцинация да жалғасады", - деді Лаура Мырзағали.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.