Kоронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы өте ауыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 118 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
16:17 25.03.2021
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали мәлім етті. Оның мәліметінше, қазір мегаполистің емдеу мекемелерінде 2246 науқас КВИ бойынша ем алып жатыр.
«Ауруханаға бір тәулікте 238 адам түсті. Біз күнделікті мониторинг жасап отырамыз. Кешегі күні 98 науқас емделіп, үйіне оралды. Қайтыс болғандардың саны - 11. Оның ішінде 70 жастан асып кеткен адамдар бар», - дейді Лаура Мырзағали.
Сонымен қатар, ол жансақтау бөлімінде қанша науқас жатқанын жеткізді.
«Алматыда коронавирус жұқтырған 118 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. 10 адамның жағдайы ауыр», - деді спикер.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!