Алматыдағы ұшақ апаты: Аман қалған әскерилер есін жиды
Дәрігерлер Алматыда ұшақ апатынан аман қалған әскери қызметкерлердің жағдайы туралы айтты.
16:49 25.03.2021
Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адам Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.
"Жағдайы тұрақты ауыр, реанимация жағдайында бақылауда. Екі науқас та есін жиды", - деді № 4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Айта кетейік, зардап шеккен әскерилердің бірінің денесін 50 пайыз күйік шалған, екіншісі - 30 пайыз күйік алған. Оларды ауруханаға жатқызғаннан кейін барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметі ұшағы апатқа ұшырады. АН-26 құлап, өртенді. Ұшақ Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында рейс орындаған. Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!