Ақмола облысында ауылға киік кіріп кетті
Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті.
18:51 25.03.2021
Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Бейнежазбадағы куәгерлердің айтуынша, оқиға жақында Қорғалжын ауылында болған. Жазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады. Ол тіпті, адамдар мен көліктен де қорықпайды. Тұрғындар ауыл ішінде «күтпеген қонақты» видеоға түсіріп, таратып жатыр.
Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген. Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!