Қайрат Нұртас даулы видеосына қатысты пікір білдірді
Белгілі әнші Қайрат Нұртас Алматыдағы мейрамханада болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
20:05 25.03.2021
Бұл туралы ол Instagram желісінде Stories-те жариялаған видеосында айтты.
"Не әңгіме болып жатыр. Қашты дей ме? Алматыда жүрміз. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Сол дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін әйтеуір, маған қарап қалды ма, бірақ Алланың көзі тура болсын. Жақсылық болсын", - деп қысқа ғана пікір білдірді Қайрат Нұртас.
Бүгін БАҚ-та Қайрат Нұртастың карантин ережелерін кезекті рет бұзғаны туралы жазылды.Қалада мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталғанын хабарлап, мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеру мекемесінің ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген болатын. Қонақтардың арасында қазақ эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Кенжебек Жанәбілов болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!