Дүлей құйын бес адамның өмірін жалмады
Алабама штатында болған торнадо салдарынан бес адам қайтыс болды.
11:28 26.03.2021
Бейсенбі күні кешке штаттың бірнеше округінің 20 мыңнан астам тұрғыны электр қуатынсыз қалған. Ал Калхун округінде бес адам торнадо құрбаны болды, дейді шериф Мэттью Уэйд. Бирмингем штатының ең үлкен қаласында 30-дан 50-ге дейін ғимарат қирады, деп жазады ҚазАқпарат.
Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі залалды бағалауды жалғастырып, зардап шеккендерді іздестіруде. Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің Мамандандырылған бөлімі Алабама, Миссисипи және Теннессидегі торнадо қаупі туралы ескерткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!