{metadescription}
Шымкент қаласында карантин мерзімін тағы да ұзартты

Шымкент қаласында карантин мерзімін тағы да ұзартты

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері қала аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

"Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын, - делінген құжатта.

Атап айтқанда, ас беру шараларын қоспағанда (толтырылуы 30%-дан және 50 адамнан аспайтын) адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар (туған күндер, мерейтойлар, қыз ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар) өткізуге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде көлікке отырған кезде, қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған кезед, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде тағу, антисептиктерді қолдану және қашықтықты сақтау тапсырылды.

Сондай-ақ, оқушылардың төртінші тоқсанда оқуы анықталды. Қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта жүзеге асырылады, мұнда 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспауы керек.

Жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту сыныпта балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жүргізіледі. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.